Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп.
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2021 жылы барлығы 38 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 38;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -0.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2020 жылы 35 қызмет көрсетілді ;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-35;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -1.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мектепке дейінгі білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау"
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://ds0012.arshaly.aqmoedu.kz/news/index/type-2 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"
бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ұйымда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-аралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы әлеуметтік желілерде 1 құжат жарияланды . Ай сайынғы негізде әлеуметтік желілерге жіберу, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында
Ижев аулы "Есілжай"балабақшасында бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымында ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылы МКҚК "Есілжай" балабақшасы меңгерушісі " Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға жоспарлады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша Ижев ауылының «Есілжай» бөбекжайы» бақылау іс-шаралары өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Ижев ауылы «Есілжай» бөбекжайы» 2022 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады
Меңгерушісі: Сатыбаева Ж.К.
Орынд: Сатыбаева Ж.К.
Тел: 51051